Clubhouse әлеуметтік желісі Android-та да пайда болды

Clubhouse әлеуметтік желісі Android-та да пайда болды

ашық дереккөзі

 width= Clubhouse аудио-әлеуметтік желісі Android үшін қосымшаның ресми сынақ нұсқасын шығарды, - деп  хабарлайды Android Police сайты. Қазіргі уақытта бағдарламаға бірнеше пайдаланушы ғана кіре алады. Алайда компанияның ресми блогында алдағы апталарда Clubhouse-ты көптеген адам Android-та сынап көре алатыны айтылған. Қосымшаның толық шығарылымы қашан болатыны әлі белгісіз. Сарапшылар әлеуметтік желі бета-арнадағы пайдаланушылар үшін қол жетімді болғандықтан, ол жақын арада барлығына ашылады деп болжап отыр.

Бұған дейін аудио-әлеуметтік желінің лезде танылғаны ірі компаниялардың ұқсас қосымшалар жасауына себепші болған. Мысалы, наурызда Instagram Clubhouse аналогын жасағанын жариялады.

Жүктелуде...