Қазақстандық бизнесмен Қырғызстан Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Қазақстандық бизнесмен Қырғызстан Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

ашық дереккөзі

 width= Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың өкімімен Ибрагимов Алмаз Турдуметович Президенттің қоғамдық бастамадағы кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Акиpress сайтына сілтеме жасап.  Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алмаз Ибрагимов-Ыстықкөл облысының тумасы, ұзақ жылдар бойы Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың топ-менеджері болып, инновациялық жобаны жүзеге асырған. Қазақстан экономикасының дамуына қосқан зор үлесі үшін Алмаз Ибрагимов "Құрмет" және "Отан" ордендерімен марапатталған, сондай-ақ 1 және 3 дәрежелі "Барыс" орденінің және үш дәрежелі "Еңбек Даңқы" белгісінің иегері, Қазақстанның минералды ресурстар академиясының құрметті академигі және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атағына ие. Алмаз Ибрагимов 1948 жылы 26 мамырда  Ананьевода дүниеге келді. Оның алты баласы бар. "Қазақстан алюминийі" АҚ тағайындалғанға дейін Қырғызстандағы "Первое мая" колхозында бас инженер болып жұмыс істеді. 1994-2015 жылдары — "Қазақстан алюминийі" АҚ президенті (Павлодар алюминий зауыты). 2004 жылдан 2015 жылдың желтоқсанына дейін - "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ президенті.

Жүктелуде...