Ақтөбеде күйеуі мен егіз балаға жүкті әйелін көлік қағып кеткен

Ақтөбеде күйеуі мен егіз балаға жүкті әйелін көлік қағып кеткен

ашық дереккөзі

 width= Ақтөбе қаласының тергеу изоляторының жанындағы Селмашев көпірінен 29 жастағы ер адам мен оның 27 жастағы әйелін қағып кетті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Ақтөбе Таймс газетіне сілтеме жасап. Әйел жүктіліктің 7-ші айында, егіздерге аяғы ауыр болған. Үйде олардың тағы үш кішкентай баласы қалған. Үлкен баласы 6 жаста, ортаншысы - 5 жаста, ал кішісі әлі бір жаста толмаған. Отбасы Жем қаласында тұрып, бірнеше жыл бұрын Ақтөбеге көшіп келген. Оларды жерлеу үшін Жемге әкелді. 25 сәуірде сағат 21: 10-да Арынов көшесінде тергеу изоляторына қарама-қарсы көшеде жол-көлік оқиғасы орын алып, адам өліміне әкеп соқты. "Hyundai Solaris" маркалы автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Арынов көшесімен келе жатып, ҚР ЖҚЕ бұзды.  27 жастағы әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал 29 жастағы жұбайы жедел медициналық жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, келесі күні көз жұмды. Жүргізуші жүргізуші куәлігін 2020 жылдың соңында алғаны анықталды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Жүктелуде...