Дархан Қыдырәлі Баткен облысындағы ахуалға байланысты көңіл айтты

Дархан Қыдырәлі Баткен облысындағы ахуалға байланысты көңіл айтты

ашық дереккөзі

 width= Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі  Баткен облысындағы ахуалға байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Дархан Қыдырәлінің фейсбук парақшасындағы жазбаға сілтеме жасап хабарлайды. “Бауырлас Қырғыз елінің Баткен облысында болған қайғылы жағдайға біздің де қабырғамыз қайысты. Қасиетті ораза айында оқ атылып, бейбіт азаматтар ажал құшты, көптеген жазықсыз жандар жараланды. Осыған орай, Қырғыз Республикасы Президентінің жарлығымен 1-2 мамыр аза тұту күні деп жарияланды. Опат болғандарды Алла панасына алсын, олардың отбасыларына көңіл айтамыз. Жаралылардың тез сауығып кетуін тілейміз. Мұндай қайғылы жағдай енді қайталанбайды деп сенеміз. Біртуған қырғыз елімен біргеміз!

Боордош кыргыз элинин Баткен облусунда болгон кайгылуу жагдайга биздин да кабыргабыз кайышты. Касиеттүү орозо айында ок атылып, бейкут жаткан азаматтар ажал тапты, көптөгөн жазыксыз адамдар жараланды. Кыргыз Президентинин жарлыгы менен 1 – 2-май аза күндөрү деп жарыяланды. Опаат болгондорду Алла паанасына алсын, үй-бүлөлөрүнө көңүл айтабыз. Жаралангандардын да тез сакайып кетишин тилейбиз. Мындай кайгылуу окуя эми кайталанбасына ишенебиз! Биртуган кыргыз эли менен биргемиз!" - деді Академия басшысы ресми парақшасында.

Жүктелуде...