«Қызылорда аруы» атанған Гүлнұр Нұртазаға іздеу жарияланды

«Қызылорда аруы» атанған Гүлнұр Нұртазаға іздеу жарияланды

ашық дереккөзі

 width= "Қазақстан аруы – 2019" және "Қызылорда аруы – 2017" сұлулық байқауының финалисті Гүлнұр Нұртазаға Алматыда іздеу жарияланды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Instagram-да kazakh_informkris.p.almaty.official  пабликтерінде Гүлнұр Нұртазаны іздестіру туралы ақпарат жарияланды. Жоғалған күн: 2021 жылғы 26 сәуір. Белгілері:  бойы 183 см, арық денелі, шашы ұзын, көзі қоңыр.. Киім: сұр жемпір және қызғылт түсті рюкзагі болған. Соңғы рет оны Барахолка ауданында көрген. Алматы қаласы полиция басқармасының 8 727 254 48 02 нөміріне хабарласуға болады", – делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетсек қыз қиын өмірлік жағдайға тап болған. Гүлнұр Нұртаза ата-анасынан айырылып  өзін-өзі қамтамасыз етуге мәжбүр болған. Екі жыл бұрын әкесінен,   екі ай бұрын анасынан айрылған. Қыздың жұмысқа орналасуда проблемалар туындаған, себебі жұмыс берушілер Гүлнұрға интим ұсынған.

Жүктелуде...