Дәрігер ата-аналарға балаларды жиі жуындырудың қаупі туралы ескертті

Дәрігер ата-аналарға балаларды жиі жуындырудың қаупі туралы ескертті

ашық дереккөзі

 width= Австралиялық  дәрігер Сэм Хэй балаларды тым жиі жуындыру бөртпе, инфекция және экзема сияқты тері ауруларының өршуіне әкелуі мүмкін деп ескертті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  The Mirror басылымына сілтеме жасап. Дәрігердің айтуынша, баланы күнделікті шомылдырудың медициналық қажеттілігі жоқ. Мұны әр 2-3 күн сайын жасаған дұрыс. Жуындыру отбасының  өмір салтына, баланың белсенділігіне, оның тазалығына және болуы мүмкін тері ауруларына байланысты. Егер нәресте экземамен ауырса, жиі суға түсіру теріні құрғатуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін мүмкіндігінше сабыннан аулақ болу керек және ылғалдандырғыштарды қолдану керек. Хэй су процедураларын кешіктірудің қажеті жоқ екенін атап өтті, өйткені кір терінің тітіркенуін күшейтеді, бактериялардың дамуына ықпал етеді және тері инфекциясы сияқты күрделі проблемаға әкеледі.

Жүктелуде...