Президент "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін салдырды

Президент "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін салдырды

ашық дереккөзі

 width= Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін алды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында  жазды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Оның сөзінше, екпе салдырғаннан кейін президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалмаған. Мемлекет басшысы өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеулерден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді", - дейді Берік Уәли.

Жүктелуде...