Ескендер Хасанғалиевтің ұлы әкесінің денсаулығына қатысты тың ақпарат айтты

Ескендер Хасанғалиевтің ұлы әкесінің денсаулығына қатысты тың ақпарат айтты

ашық дереккөзі

 width= Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық әртісі, әншi, композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев коронавирус жұқтырған ата-анасының жағдайын айтты, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. Біржан Ескендірұлының айтуынша, Ескендір Хасанғалиевтің жағдайына дәрігерлер "аса ауыр" деген баға беріпті.

"Әкемнің жағдайына қатысты дәрігерлер кейінгі төрт күндегі көрсеткіштерге сүйеніп, "аса ауыр" деген баға беріп отыр. Осыдан екі жарым жыл бұрын әкем жүрегіне күрделі ота жасатқан болатын, соның да әсері бар ма деп ойлаймыз. Өкінішке қарай, қазір ИВЛ (жасанды тыныс алдыру аппараты - Авт.) аппаратына қосылған. Алайда дәрігерлердің айтуынша, алдағы 5-6 күн ішінде жағдайы жақсарып қалуы мүмкін. Бүкіл халық болып әкемнің тілеуін тілеп, жылы тілектерін жаудырып жатыр, содан болар өзімізде де сенім пайда болды. Қазақ "Көптің тілеуі көл", деп бекер айтпайды", - деді.
Әншінің айтуынша, анасы Дарико Хасанғалиеваның жағдайы оңалған.
"Анамның жағдайы жақсарып келеді, емін алып жатыр. Жақын күндері жансақтау бөлімінен шығады. Дәл қазіргі арманымыз - ата-анамыздың аман-есен ортамызға оралуы. Қасиетті Рамазан айында балаларымызға дейін тілеген дұға, тілегіміз қымбат жандарымыздың бұл дерттен құтылуы болып тұр. Сахнада 60 жыл жүрген Ескендір Хасанғалиев өмірін қазақ халқына арнап келеді, халық та тілеуін тілеп, қазір алаңдаулы", - деді ол.
Сонымен қатар, Біржан Хасанғалиев атасының әнін айтып отырған ұлының видеосын Instagram-парақшасына жүктеді.

Жүктелуде...