Шымкентте 3 жасар бала терезеден құлап кеткен

Шымкентте 3 жасар бала терезеден құлап кеткен

ашық дереккөзі

 width= Шымкентте үш жасар бала абайсызда екінші қабаттағы терезеден құлап кетті. Ауыр жарақаттанған қыз қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Әл-Фараби ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде орын алған. Сәби ата-анасының қарауынсыз қалған. «Қазіргі таңда бүлдіршін қалалық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Оған «бас сүйегінің сынуы, жағдайы бірқалыпты ауыр дәрежелі» диагнозы қойылған«, - делінген хабарламада.
 

Жүктелуде...