Сенат спикері коронавируспен ауырып қалды

Сенат спикері коронавируспен ауырып қалды

ашық дереккөзі

 width= Коронавирус инфекциясы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевта анықталды. Бұл туралы Сенат Төрағасының өзі Facebook-те жазды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Барлық сақтық шараларына қарамастан, менің соңғы коронавирустық тестім оң нәтиже берді. Бірақ ешқандай белгілер жоқ. Мен дәрігерлердің барлық ұсыныстарын орындаймын. Оқшаулануда болсам да жұмысымды қашықтан істеп жатырмын. Сенаттағы әріптестерімізбен үнемі байланыста боламыз.
Өкінішке орай, пандемиямен жағдай әлі тұрақтанған жоқ. Біз бәріміз өзімізді және жақындарымызды қорғауымыз керек. Өзіңізді қорғаңыз", - деп жазды Мәулен Әшімбаев.  

Жүктелуде...