Тіс пастасын қолданудың сіз білмеген 10 тәсілі

Тіс пастасын қолданудың сіз білмеген 10 тәсілі

ашық дереккөзі

 width= Тіс пастасы  тіс беріктігін ғана қорғап қоймайды, тұрмыста да пайдалануға ыңғайлы зат. Newsroom.kz тілшісі дайындаған кеңестер соның айқын дәлелі. 1.   Киіміңізге кофе дағы немесе далап жағып  алдыңыз ба? Қаламыңыздың сиясы ағып кетті ме?  Онда кірлеген жерге  тіс пастасын жағып жуыңыз. Егер түрлі түсті киімге дақ түссе онда бұл кеңесті жасамағаныңыз дұрыс.  2.   Былғары диванға қыша немесе шарап төгіп алсаңыз аздаған тіс пастасын жақсаңыз болады.  3.    Күміс бұйымдар мен ыдысты тазалау үшін де тіс пастасын  қолдануға болады. Қарайып кеткен  күміс бұйымдарға жылтырлық беру үшін тіс пастасымен жуыңыз.  4.    Ыдысқа қатып қалған қақ болса оны да кетіреді.  5.    Металл және хромдалған бұйымдарды тазалау үшін  қолдануға болады.  6. Жағымсыз иісті жоюға көмектеседі. Пияз тураған соң тақтайда жағымсыз иіс қалса оны тіс пастасымен жууға болады.   7. Безеу мен ұшықты емдеу үшін ауру туындаған жерге жағып қойыңыз. 8. Телефонның беті мен ескі дисктердің беті сызылып қалса, тіс пастасы көмекке келеді. Шүберекпен 2-3 минут сүртсеңіз сырылған жерлерден арыласыз. 9. Пианино пернесіндегі ақ түсті қалпына келтіру үшін пайдалануға болады. 10.Кілемдегі дақтардан арылуға көмектеседі. Кірлеген жерге бірден тіс пастасын жақсаңыз ақшыл түсті кілеміңіз де тазалай аласыз.

Жүктелуде...