60-тан асқан әйел 40 жылдан бері трактор айдап келеді

60-тан асқан әйел 40 жылдан бері трактор айдап келеді

ашық дереккөзі

 width= Алпысты алқымдаған әйел трактор тізгіндеп, нәпақасын тауып жүр. Түркістан облысының тұрғыны ауыр техниканы 16 жасында меңгерген екен. Содан бері жер жыртып, жүк тасып отбасын бағып келеді. Ерлердің өзі біліңкіремейтін кәсіпті игерген нәзік жан өыздар қауымына қандай кеңес айтты? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Бүгінгі кейіпкеріміз бұл көк тракторды бес саусағындай біледі. 60-ты алқымдаған Гүлшат Өмірбекова ескі техниканың бұзылған жерін өзгелерден сұрамай, өзі жөндеп алады. Себебі, нан табар техникасын біреудің қолына бергісі келмейді. 16 жасынан бастап ауыр көліктің тізгінін ұстаған Гүлшат апай басында жүрексінгенін жасырмайды. Ал, қазір тракторы отбасының бір мүшесіне айналып кеткен. 40 жылдан астам таңнан кешке дейін егіс басында. Сенімді серігін қатты жақсы көретінін жасырмайды. Бір күн рөлге отырмай қалса, біртүрлі болатын көрінеді. Сол себептен, тапсырыс болмаған күндері, жай ауылды бір айнылып шығуды әдетке айналдырған. Гүлшат Өмірбекова ауыр техниканың түр-түрінің тілін меңгерген. Комбайннан бастап, жеңіл көлікке дейін жатсынбайды.

Гүлшат  ӨМІРБЕКОВА, трактор жүргізушісі: Қазіргі современий ше жондарлар ол қазір иномарка ғой. Шаршамайсың. Оған отыра бересің магнитофонды қойып. Ал, ана Т-4 өте қиын. Ана жерден кішкентай тас көрсе, дірілдеп кетеді. Но зато пахатан айдайды. 50 см глубина 100 процента гарантия. Жерді әдемі айдайды. Түнгі сменаға шығасың холодно было. Печь не отапливается. Жаурайсың түнде»
Гүлшат Өмірбекова мехонизатор болғанына еш қомсынбайды. Керісінше мақтанатынын айтады. Себебі, қазіргі уақытта жұмыс таңдайтын кез емес дейді. Икемің келіп тұрса, неге істемеске? Ал, Гүлшат апай қыздар қауымына трактористерге тұрмысқа шығуға кеңес береді. Себебі, пайдасы мол, ел арасында абыройлы мамандық иесі дегенді алға тартады. Тіпті, нәзік жанды арулар осы салаға келсе еш өкінбейді, дейді. Ерлермен иық тірестіре жұмыс істеудің өзіндік қызықтары мен шыжықтары жетерлік екен.
Гүлшат ӨМІРБЕКОВА, трактор жүргізушісі: Қыздар көкпар шабады вот соларға қызығам, когда техника айдайды қызығам, машина айдаған қыздарға қызығам. Ваще истребитель самолет айдаған қызға ваще шалқамнан құлайтын шығармын. Почему қыздар еркектің жұмысын істей алмайды, істейді неге істемейді? Мысалы, отырасың жұмысыңды техника істейді».
Гүлшат Өмірбекованың ұстазы Қалмақан ағай да осы егістік басынан табылды. Бірнеше шәкірт тәрбиелеген шаруа солардың арасынан Гүлшат апайдың оқ бойы озып шыққанына таң қалған. Себебі, қыз баласы ауыр жұмысқа шыдамайды деп ойлапты әу баста. Алайда, тірлікке келгенде бәрі басқаша болыпты.
Қалмахан ТОҚСАНБАЕВ, шаруа Кезекте адамдар тұрады. Менікіде пәлен күні пәлен деп. Сөйтіп, обработка жасайды. Өйткені сапалы жасайды. Мақта деген арасында сапалы жасау керек әрі жақындау болады. Мақтада өскен бұтақты қырқып кетпеу керек. Өйткені оның пәленбай ұрығы пәлен сом тұрады. Оны өсіру үшін қанша еңбек етеді. Сіз оны қырқып тастасаңыз болды. Соны кәдімгі 4-5 см ара қашықтықты сақтап, культивация жасау деген екінің бірінің қолынан келмейді. Әйтпесе мехонизатор деген көп, трактористе көп. Бірақ маман ретінде жаңағы айтайын дегенім бұл кісі ұқсап көп адам айдай алмайды».
«Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді» деген бүгінгі кейіпкеріміз ауыр техниканы айдауға құлшыныс білдіргендерді үйретуге дайынмын дейді. Себебі, пайдасынан бөлек, ел алғысына бөлену ерекше сезім сыйлайтыны тағы бар. Ал, ауыл тұрғындары үшін Гүлшат Өмірбекова мен трактор егіз ұғым іспетті.

Жүктелуде...