Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы келді

Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы келді

ашық дереккөзі

 width=

Қазақстан бокс федерациясының директоры болып Маратбек Мықтыбеков тағайындалды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.  Ал оған дейін бұл қызметті 11 жыл бойы атқарып келген Бекжан Бектенов федерацияның халықаралық істері жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды. Маратбек Мықтыбеков – тәжірибелі спорт менеджері. Бұған дейін ол дзюдо федерациясының вице-президенті, сонымен қатар Алматыда бокс федерациясының директоры, Азия бок конфедерациясының кеңесшісі қызметін атқарды. Сонымен қатар Мықтыбековтің спорт саласындағы жетістіктері жетерлік. Атап айтқанда ол юниорлар арасында самбодан әлем чемпионы болған, сондай-ақ дзюдо бойынша юниорлар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, халықаралық деңгейдегі спорт шебері.  

Жүктелуде...