Кубада мачетемен күніне 100-150 операция жасайтын емші тұрады

Кубада мачетемен күніне 100-150 операция жасайтын емші тұрады

ашық дереккөзі

 width= Кубада мачете, яғни ұзын пышақпен емдейтін емші бар, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Хорхе Голиат көптеген адамды дертінен жазған. Ол –дәрігерлер емдей алмаған кеселді жазған шипагер ретінде айналасына танымал. Ал пышақпен күніне 100-150 операция жасайды. Кубалық азамат осы кәсіппен 30 жасынан бері айналысады. Оған әруақтар аян берген. Содан бері мыңдаған адам емшіге қаралып, дертінен құлан-таза айыққан. Хорхе Голиат, емші: - Мен дертіне шипа іздеп келген адамдарды кері қайтармаймын. Себебі еліміздегі жағдай ауыр. Оның үстіне коронавирустан халық көп зардап шегіп жатыр. Бұл кеселмен күреске бар күшімді саламын.

Леонид Лара, жергілікті тұрғын: Бастапқыда Голиаттың емдеу әдісін естігенде бойыңызды сенімсіздік билейді. Бірақ ол дәрігерлер сізге не дегенін дөп басып айтқанда бүкіл күмәніңізден арыласыз.

Жүктелуде...