15 қырғызстандық бензин құйып, өзін-өзі өртейтіндерін мәлімдеген

15 қырғызстандық бензин құйып, өзін-өзі өртейтіндерін мәлімдеген

ашық дереккөзі

 width= Аламедин ауданы Пригородный ауылының айыл оммоту ғимаратында 15 әйел өзін-өзі өртеуге дайын екендерін мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  NewTimes.kz - ке сілтеме жасап. Бұл туралы наразылық акциясына қатысушылардың бірі хабарлады. Оның айтуынша, 3 жыл бұрын әйелдер жеке тұлғалар мен коммерциялық банктерден пайыздармен ақша алған, бірақ несиелерді уақытында төлей алмаған. Акцияның барлық қатысушысы жалғыз басты аналар болып табылады және 3 жыл ішінде жиналған пайыздық қарыздарды жоюды талап етеді. Олар айыл окмоту ғимаратына газ баллонын әкеліп, үстіне бензин құйған. Айта кету керек, полиция мен ТЖМ қызметкерлері ғимаратты қоршап алған. Осыдан кейін, орынға Ұлттық банк өкілдері келді. Алайда әйелдер олармен сөйлесуден бас тартты.

Біз Ақ үйге митингке шықтық. Содан кейін кездесуге Ұлттық банктің өкілдері келді. Алайда олар біздің мәселемізді шешкен жоқ", - деді әйелдердің бірі Гүлшах Исақова.
Әйелдер бұл жерге Премьер-министр Ұлықбек Мәріпов пен БҰҰ өкілдері келуін талап етеді.

Жүктелуде...