Семейде бойжеткен Ертіс өзеніне батып өлмекші болған

Семейде бойжеткен Ертіс өзеніне батып өлмекші болған

ашық дереккөзі

 width= Семейде Ертіс өзеніне батып өлмекші болған бойжеткен құтқарылды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  КТК-ға сілтеме жасап. Өмірден баз кешкен қызды сол маңайдағы тұрғындар байқап қалған. 30 жастағы азаматша өзен жағасындағы мұздың үстіне шығып, судың ағысы қатты жеріне секіруді көздеген. Осыны байқап қалған тұрғындар дереу полицияға хабар берген. Жедел жеткен тәртіп сақшылары қызды әңгімеге тартып алдаусыратып тұрған. Осы сәтте екіншісі жанына жақындап барып, қолынан шап беріп ұстап алған. Қазір полиция аталмыш оқиғаға бойынша тергеу жүргізуде. Ал өзін өлімге қиған қыз мұндай тәуекелге отбасындағы кикілжің итермелегенін айтқан. Ата-анасымен тұратын бойжеткен қазір ауруханада жатыр.

Жүктелуде...