Шымкент маңынан алтын кеніші табылды деген ақпарат рас па?

Шымкент маңынан алтын кеніші табылды деген ақпарат рас па?

ашық дереккөзі

 width= Әлеуметтік желіде Көкбұлақ ауылына алтын іздеп келген болуы мүмкін бір топ адамның видеосы тарады. Белгілі болғандай WhatsApp арқылы алтын кенішінің табылғаны туралы хабарлама тараған. Бұл қауесетке қатысты Шымкент қаласының полиция департаменті пікір білдірді. Әлеуметтік желіде Бадам станциясына барар жолда орналасқан Көкбұлақ ауылында алтын кеніші табылды деген аудиохабарлама тараған. Хабарламада қазу жұмыстары жүргізіліп, бағалы металды әкетіп жатқаны да айтылған. Бұған қатысты пікір білдірген Шымкент қаласы полиция департаментінің мәліметінше, ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Сондай-ақ жарияланған жазба тиісті шаралар қабылдау үшін жауапты бөлімнің қызметкерлеріне беріледі", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.
Осы орайда полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Құзырлы орган өкілдері тек ресми хабарламаларға сенуге шақырды.  

Жүктелуде...