«Ұмай» ипотекасы әйелдердің көңілінен шыға ма?

«Ұмай» ипотекасы әйелдердің көңілінен шыға ма?

ашық дереккөзі

 width= Ұмай ипотекасы бұрымдыларға ұнай ма? Елімізде 12 сәуірден бастап іскер әйелдерге арналған жаңа бағдарлама іске қосылды. Оған нақты кімдер қатыса алады? Жалғызбасты, декретте отырған аналарға бағдарламадан баспана бұйыра ма? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Табысы тұрақты қыз-келіншектерге құлаққағыс. Елімізде тек әйелдерге арналаған ипотека іске қосылды. Жеңілдетілген шарттармен берілетін несиемен 5 мыңға жуық әйелді қамту жоспарлануда.

Әсел ТӨЛЕУҒАЛИЕВА, «ОТБАСЫ БАНК» орталық филиалы директорының орынбасары Жалпы ерекшелігі барлық әйелдерге арналған. Қазақстан елінің азаматы болуы. 18 жастан асқан. Артықшылығы төмен болуы, 15 пайыздан алғашқы жарна. Тұрғын үйдің бағасы 30 млн аспау керек. 3 млн 7 мың тг жөндеуге несие алуға болады»
Айталған бағдарламаға тұрақты жұмысы, табысы бар 18 жастан - 65 жасқа дейін әйелдер қатыса алады. Осы талаптар қала тұрғыны Маиса Нұрахованың көңілінен шыққанымен пайыздық сыйақы мөлшерлемесі тиімсіз екенін айтады. Ал тапқан табысы банк шарттарына  сәйкес келмейді екен. Сондықтан, банк кейбір тетіктерін жеңілдетсе, дейді.
Маиса НҰРАХОВА, қала тұрғыны Көптеген бағдарлама бар. Бірақ бәрінің проценті жоғары. Жалақы төмен болған соң ала алмаймыз. Көптеген аналардың үйі жоқ. Үй ала алмаймыз».
Айта кетейік, жаңа бағдарлама несиені 15% бастапқы жарнамен немесе депозитке салым салмай-ақ рәсімдеуге мүмкіндік береді. Несие мөлшерлемесі 12% және де алдағы уақытта төмендейтін болады. Несие мерзімі  25 жылға дейін.  Одан бөлек, оған қатысу үшін отбасының жалпы табысы 320 мың теңгеден аспауы тиіс.
 Әcел ТӨЛЕУҒАЛИЕВА, «ОТБАСЫ БАНК » орталық филиалы директорының орынбасары: Жалғызбасты ана да ала алады. Бастысы 320 мың тг аспау керек.  200 мың  бұл жерде 20 % жарнамен ала алады. Табыс көзі 200 мыңға  дейін болса, алғашқы жарна 15 % алады. Егер 10 млн көлемінде үй алатын болса ай сайынғы төлемақы 110  мың  көлемінде болады. Қазір бір ком. кв 120 төлейсіз. Жалдамалы пәтердің құнымен бірдей».
Дегенмен, осы саланы жетік білетін қоғам белсендісі Дәулет Мұқаев керсінше, әйелдер ипотекасының жүзеге асыру тетіктерін жетілдіру керек деп есептейді.
Дәулет МҰҚАЕВ, қоғам белсендісі: 30 млн дейін одобрение береді. Бірақ 30 млн үй алсаңыз. Айына 300 төлейсіз. Негізгі шарт 320 аспау керек дейді. Әйел азаматы 300 мың төлейтін болса, оған одобрение бермейді. Түсініксіз. Ол үшін бастапқы жарна 30-40-50 процент төлеуіңіз керек».
Қысқасы, декреттегі әйелдер, үйінде жұмыссыз отырғандар бұл бағдарламадан дәмете алмайды, дейді сарапшылар. Ал табысы жеткіліксіз болса, 1-2 адамды қарыз алушы ретінде шақыруға болады екен.

Жүктелуде...