Ол кінәлі емес, ұлым кінәлі: Павлодарда кісі өлтірген әйел босап шықты

Ол кінәлі емес, ұлым кінәлі: Павлодарда кісі өлтірген әйел босап шықты

ашық дереккөзі

 width= Облыстық сот үкім шығарған кезде сотталушының алты баласы бар екенін ескерді. Олардың үлкені 11 жаста, кіші қызы былтыр желтоқсанда дүниеге келген. Сондықтан жаза мерзімін 8 жылдан 5 жылға азайтты, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Рavlodarnews.kz.-ке сілтеме жасап. Әйел кісіні әдейі өлтірмегенін, қылмыс жасағаннан кейін жәбірленушіге бірден көмек көрсеткенін ескерді. Енесі сот үкімін қатал деп санайды.

«Мен ұлымды ғана емес, келінімді де жоғалттым. Ол кінәлі емес, ұлым кінәлі. Алты немерем жетім қалды. Келін үйді, балаларды бақылап, бізге қамқор болды. Оны бас бостандығынан айырмауды сұраймын», – деді енесі.
Көпбалалы әйелді бас бостандығынан айырмау туралы өтінішхатқа 170 ауылдасы қол қойған. Олар сотталушыны сабырлы, мейірімді әйел болғанын айтады.
«Немқұрайды қараған біз кінәліміз. Бәрі біздің көз алдымызда болды. Марқұм туысы жиі ішетін, ұратын. Әжеден неге полиция шақырмайтынын сұрағанымда, ол «ұят болады» деп жауап беретін» – дейді Жаңақала ауылының қоғам белсендісі Жауқасын Жұмағұлова.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, сотталған әйелдің адам өлтіру ойында болмаған. Жазатайым оқиғадан соң әйел жедел жәрдем шақырған.
«Әйел 5 жыл қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде жазасын өтейді. Бала 14 жасқа толғанға дейін жазаны өтеуді бес жылға кейінге қалдырылды», – деді Облыстық соттың қылмыстық алқасының судьясы Теміртас Махватов.
Көпбалалы ана сот залында қамаудан босатылды.

Жүктелуде...