Шымкентте бес жастағы қызды қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды.

Шымкентте бес жастағы қызды қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды.

ашық дереккөзі

 width= Шымкентте бес жастағы қызды қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті ресми мәлімет таратты. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 11 сәуірде сағат 12:55 шамасында болған. Әлия Молдағұлова көшесінің бойында жүргізуші №147 бағыттағы маркасы «Yotong» қоғамдық автобусымен жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып кетіп, мерт қылған. «Жүргізуші 1979 жылғы жергілікті тұрғын. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде алған дене жарақаттары салдарынан жаяу жүргінші жасөспірім оқиға орнында қайтыс болды. Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы жүргізілуде. Тиісті сараптама тағайындалды», делінген хабарламада. Айта кетейік, 147 бағыттағы автобус «T-Bus» компаниясына тиесілі. Бұл оқиғаға байланысты жолаушылар тасымалына жауапты басқарма өкілдері автобустың жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспағанын алға тартты.  

Жүктелуде...