Қытайда түйелерге арналған бағдаршам орнатылды

Қытайда түйелерге арналған бағдаршам орнатылды

ашық дереккөзі

 width= Қытайдың Ганьсу провинциясындағы Дуньхуан қаласының маңында түйелерге арналған бағдаршам орнатылды. Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда түйелер, ал қызыл түс жанғанда туристер жолдан өтеді. Дуньхуан – шөлде орналасқан қала және оазис. Ол Ұлы Жібек жолында Қытайға қақпа қызметін атқарған. Өңірге келушілер арасында түйе турларына сұраныс жоғары.

Жүктелуде...