Танысы алматылық әйелді 200 млн теңгесінен айырған

Танысы алматылық әйелді 200 млн теңгесінен айырған

ашық дереккөзі

 width= Бір күнде бар жиған тергенін айрылды. Алматылық Алтынай Үсенованы жақын танысы алдап, екі жүз миллион теңгеден астам қаржысынан айырған. Енді далада қалған ол мемлекет басшысынан араша сұрап отыр. Өйткені тергеу амалдары сыйырқұймышақтанып кете ма деп алаңдайды. Оған себеп те жоқ емес. Күдіктінің әкесі лауазымды тұлға екен. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Алтынай Үсенова бірнеше айдан бері Алматыдағы арзан қонақ үйді паналап жүр. Кезінде шетелде білім алып, халықаралық компанияларда табысты еңбек еткен. Жақын танысы Қырғызстаннан тонналап картоп әкеліп, оны еліміздегі ірі сауда орындарына өткізетіні туралы келісімдерін көрсетіп, инвестор болуға шақырған. Миллиондаған теңгеге жасалған келісімді көріп имандай сеніпті. Сондықтан Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы элиталық пәтері мен Тараздағы қымбат котеджін сатып, ақшасын серіктесіне санап беріпті. 2018 жылдан бері бір тиынын да ала алмаған келіншек полицияға шағым түсіруге мәжбүр болған.

Алтынай ҮСЕНОВА, жәбірленуші Өзінің алаяқтық әрекетін жүзеге асыру үшін Сыдықов Олжас 2018 жылы өзінің атына 6 компания тіркеген. Маған жалған келісім-шарттарды ұсынып келген. Ол осы келісімдерге өзі қол қойып, маған кәсіпппен айналысып жүргенін дәлелдеу үшін көрсетіп келген. Мен бұл дәлелдерді, яғни 3 келісім-шартты, шот-фактуралар мен атқарылған жұмыстар туралы құжаттарды өткіздім, бірақ оның барлығы тергеу барысында негізге алынбады».
Жәбірленуші күдіктінің әкесі лауазымды тұлға болғандықтан іс насырға шаба ма деп қауіптенеді. Қазір Алтынайдың қолында ақшаның орнына Олжасқа берген ақшаларының түбіртегі ғана бар. Жәбірленушінің айтуынша танысы 257 миллион теңгені алғанын бастапқыда мойындағаны екен. Істі тергеу аяқталуға таяғанда ат тонына ала қашыпты. Полицияның мәліметі бойынша қылмыстық кодекстің "аса ірі көлемдегі алаяқтық" бабы бойынша қозғалып, тергеу амалдары аяқталыпты. Енді іс сотқа жолданбақ.
Салтанат ӘЗІРБЕК, полиция департаментінің ресми өкілі Қылмыстық істі тергеу барысында кінәлі азаматтың «С» есімді азаматтың кінәсі толығымен мойындалды. Бұл азаматтың алаяқтық жолмен қомақты түрде Үсенованың қаржысын қолды қылғаны анықталды. Өндіріс бүгінгі таңда аяқталып, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 300 бабына сәйкес іс материалдары аудандық прокуратураға тапсырылды».
Табысын еселеймін деп жүріп, тақырға отырған келіншек өзімен бірге інісінің де екі баласымен далада қалғанын айтады. Тегеу амалдарына көңілі толмаған Алтынай Президенттен араша сұрауда.
Алтынай ҮСЕНОВА, жәбірленуші Мен еліміздің Президентінен конституцияның кепілі ретінде көмек сұраймын. Бүгінде маған қауіп төніп тұр. Менің өмірім мен бостандығыма қауіп төніп тұр. Маған жеткені менің көзімді жойып немесе істі маған қарсы бұрмалауы мүмкін. Құрметті Қасымжомарт Кемелұлы бас прокуратура менің ісімді талап етіп, тергеу жұмыстарына әділ баға беруін сұраймын».
Полицейлер біздің міндетіміз қылмыстың жасалғанын мойындату, ақшаны қайтару соттың құзырында дейді. Іс сотқа жолданып, үкім шыққанша Алтынай Үсенованың қонақ үйді паналай тұруына тура келеді. Бірақ Алтынай алаяқтық жолмен алынған ақшаның толықтай қайтарылатынына күмәнмен қарайды.  https://youtu.be/JMoXhe-GZKg

Жүктелуде...