Әлеуметтік желіде танысқан жігіт қызды тонап кеткен

Әлеуметтік желіде танысқан жігіт қызды тонап кеткен

ашық дереккөзі

 width= Астаналық қызбен әлеуметтік желі арқылы танысып, оны кездесуден кейін тонап кеткен, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тергеу барысында 27 жастағы жігіттің ВКонтакте әлеуметтік желісі арқылы 28 жастағы қызбен танысқаны анықталды. Бір ай бойы екеуі хат алмасқан. Осыдан кейін олар кездесуге шешім қабылдады. Жігіт өзінің жаңа танысын қонақ үйге шақырған. Отырыстан кейін қыз алтын бұйымдарын шешіп, ұйықтап қалған. Күдікті оны пайдаланып, жәбірленушінің зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен. Олардың құны шамамен 100 мың теңгені құрайды. Таңертеңгі сағат төртте ол қонақ үйден кетіп қалған.

Жүктелуде...