Батыс облыстың үш тұрғыны 2 млрд теңгенің киігін өлтірген

Батыс облыстың үш тұрғыны 2 млрд теңгенің киігін өлтірген

ашық дереккөзі

 width= Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің «Сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген жануарларды, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 8 сәуір күні сағат 03.00-де Сайқын-Бисен автожолында 805 дана киіктің мүйізі анықталып, тәркіленген және үш қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды  Newsroom+ақпарат агенттігі «NewTimes.kz» -ке сілтеме жасап. «Сайқын — Бисен автожолының 26-шы шақырымында Бөкей ауданының 27, 39 және 27 жастағы тұрғындары ұсталды, олардың «ВАЗ-21214» маркалы автокөлігін тексеру барысында 805 дана киіктің мүйізі анықталып, тәркіленді. Шығын сомасы шамамен 2 млрд теңгені құрайды», - делінген полиция хабарламасында. Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің «Сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген жануарларды, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Айта кету керек, Ішкі істер министрлігі еліміздің үш аймағында браконьерлер мен киіктің мүйізін сатушыларды ұстады.

«8 және 9 сәуірде Мұқият зерттелгеннен кейін Нұр-сұлтан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында полиция қызметкерлері 11 адамды анықтап, ұстады, олардан мыңнан астам киік мүйізі анықталып, тәркіленді», — деп атап өтті ҚР ІІМ-де.

Жүктелуде...