Коронавирустан қорыққаннан 2 айда 30 келіге арықтаған

Коронавирустан қорыққаннан 2 айда 30 келіге арықтаған

ашық дереккөзі

 width= Коронавирустан қорыққан жігіт артық салмақтан арылды! Етжеңді адамдар аталған індетті жұқтырса, артық салмақ ауруды одан әрі ушықтыруы мүмкін дегенді естіген ақтөбелік азамат бірден спортпен дос болған. Нәтижесі адам таң қалаларлық! 35 жастағы азамат небәрі екі айдың ішінде 30 келіге арықтапты. Оның аз уақыттағы нәтижесі мен деген фитнес жаттықтырушылардың өзін таң қалдырды. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. "Бұл кезде 120, әлде 123 келі болдым...". Суреттегі етжеңді жігіт пен қазір спорт залда тынымсыз жаттығып жүрген Аман  екі бөлек адам тәрізді. Оны жігіт те мойындайды. Тіпті, көптен көрмеген таныстары арықтап қалған Аманды танымай қалыпты. Ол кезде 123 келі болса, қазіргі  93 келі. Мұның бәрі екі ай бойғы үздіксіз жаттығу мен төгілген тердің арқасы. Ал бәрі коронавирустар басталған.

Аман МАХАМБЕТИЯРОВ, тұрғын Былтыр коронавирус басталған уақытта, мамыр, маусым айларында сайттардан оқып қалғам. Американдық коронавирусқа артық салмағы барлар жиі шалдығады деп, салмақ тастауға шешім қабылдап, екі айда бір 112 кг-нан 97-келіге дейін түсірген екен деп . Біз енді ол кезде коронавирустан қорықпасақ та, әлі де сенбей жүрген кезіміз, әл ауру жоқ деп. Бірақ, салмағы мендей, артық салмақ болғасын, мен қызығушылықпен оқып, қай жерім кем деп кірісіп кеткем".
32 жастағы Шон Сэнделл үш айда 25 келі тастаса, Аман одан асып түсті. Шон Сэнделл диетолог әйелінің көмегіне жүгініп, артық салмақтан арылса, Аман өз күшіне, ынта-жігеріне сенген. Спортзалға күніне екі мәрте келеді. Түске дейін тренажерда 30 шақырым жүгірсе, кешке 5-6 км жүгіріп, кейін суда жүзеді. Жігіттің аз уақытта мұндай нәтижеге жеткеніне фитнес-жаттықтырушылар да таңқалды.
Жәнібек БАЙДОЛЛА, фитнес-жаттықтырушы «Бұл кісіде күші мықты. Өзін жақсы дайындаған, мақсатына жетіп тұр. Басында келгенде айтқан маған, «Сен сияқты болғым келеді» деп. Дегеніне жетті. Ең бірінші  денсаулық. Денсаулық жақсы болса,. Егер иммунитет жақсы болса- любой ауруды жеңеді».
Ынта-жігер, үздіксіз спортпен шұғылданудан бөлек, дұрыс тамақтануды жолға қойған жөн. Бұл - Аманның айтқан ақылы. Ұннан және қуырылған тамақтан бас тартып, буға пісірілген ас ішеді. "2-3 ай бұрын жаттығу бастаған кезде ең бірінші осы футболканы киіп алатынмын. Ол кезде маған тырысып тұратын". Аманның ендігі мақсаты  тағы бір-екі келі салмақ тастап, соны қалыпты ұстап тұру. Дәрігерлер де жігітті қолдаған. Ол ай сайын медициналық тексерістен өтіп тұрады. Қан қысымы, жүрек соғысы бәрі бірқалыпты.

Жүктелуде...