Такси жүргізушісі көлікте ұйықтап қалған әйелді зорлаған

Такси жүргізушісі көлікте ұйықтап қалған әйелді зорлаған

ашық дереккөзі

 width= Мәскеуде такси жүргізушісі көліктің ішінде ұйықтап кеткен әйелді зорлаған, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  РИА Новости-ге сілтеме жасап.

“Бейсенбі түнде полицияға 1984 жылы туған әйел келді. Ол өзінің зорланғанын хабарлады”, – деді құқық қорғау органы қызметкері.
Әйелдің айтуынша, ол корпоративтен шығып, “Белорусская” метро станциясының жанында мобильдік қосымша арқылы такси шақырған. Ол жүргізушіге үйінің мекенжайын айтып, мас болғандықтан жолда ұйықтап қалады. Әйел таксист өзін зорлап жатқан кезде оянып кеткен. Полиция ер адамды тоғызыншы сәуірде ұстады. Күдікті 25 жастағы Қырғызстан тумасы болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады. Қылмыстық кодекстің “Зорлау” бабы бойынша іс қозғалды.

Жүктелуде...