Жасөспірім мектепте тапаншадан балаларға оқ жаудырған

Жасөспірім мектепте тапаншадан балаларға оқ жаудырған

ашық дереккөзі

 width= Жасөспірім мектепке пневматикалық тапанша алып келіп,  оқушыларға оқ жаудырды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі BaigeNews.kz -ке сілтеме жасап.

"Оқушылардың бірі Орджоникидзе көшесіндегі мектеп аумағына пневматикалық тапанша алып келген. Көрсетілген мекенжайға келген полиция қызметкерлері арыз берушіден жауап алды, ол 2005 жылы туған оқушы пневматикалық тапаншадан шешінетін бөлмеде бірнеше оқ атқанын түсіндірді",-делінген ІІМ-нің Санкт-Петербург пен Ленинград облысындағы бас дирекциясының хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға сенбіде болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқушыдан тапаншаны мұғалімдер тәркіледі, содан кейін жасөспірімнің өзі қашып кеткен. Кейін анасы оны полиция бөліміне алып келді. Қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Жүктелуде...