6 жасар баласымен 4 жыл құлдықта болған

6 жасар баласымен 4 жыл құлдықта болған

ашық дереккөзі

 width=
Маринаның хикаясы (кейіпкер қауіпсіздігі үшін толық аты-жөні жарияланбайды)
2015 жыл, 10 мамыр. Ташкент.
Алты жасар ұлын ерткен Марина Мәскеуге қатынайтын пойызға отырды. Ресейде жұмыс істеп, баласын асырамақ. Бұрын баласын Өзбекстанда қалдырып, барып-келіп жүретін. Бұл жолы ұлын алып кетуге келген еді. Ендігі арманы– РФ азаматтығын алып, сонда тұрақтап қалу. Бірақ...
Орталық Азия елдерінің көптеген мигранты сияқты Марина да Ресейге Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Пойыз Ақтөбеге жетіп, Ресеймен шекаралас кеден бекетіне келгенде Маринаның құжатын тексереді. Ресейде жұмыс істеуіне рұқсат беретін патент мерзімін ұзартпағаны үшін РФ аумағына кіруге тыйым салынған адамдар тізімінде бар екен.
Оны баласымен бірге пойыздан түсіріп тастайды.
Бар ақшасын жолға жұмсаған Марина далада қалды. Кері қайтар билетке ақша жоқ. Жат ел. Не танысы, не туысы жоқ. Балаға тамақ, жатын орын керек. Ендігі ойы – Отанына оралу.
Марина елге қайтудың жолын іздестіреді. Теміржол вокзалының басшысына жағдайын айтып, Өзбекстанмен шекаралас Сарыағаш ауданына жетуге көмектесуін өтінеді. Вокзал басшысы автовокзал әкімшілігіне хабарласады.
Ақтөбеден Сарыағашқа жүретін автобус жүргізушісі Маринаны баласымен бірге тегін жеткізуге келісті. Жүргізуші Сарыағашқа жеткенде Маринаның ақшасы жоқтығын біле тұра жолақы сұрайды. «Ақшаң болмаса, жұмыс істеп, қарызыңды қайтарасың» деген талап қояды.
Маринаның амалы таусылып, жүргізушінің жылыжайында үш күн тынымсыз жұмыс істейді. Қарыздан құтылады.
Өзбекстанға барғанда күнделікті ас-суына ақша керек. Сарыағашта біраз уақыт жұмыс істеп, ақша тауып, сосын елге қайтпақ болады. Жұмыс іздейді. Бір ер адам хабарласып, жұмысқа шақырады. Келіседі.
Дербісек ауылы. Үлкен үй. Ауласында сауна мен бассейн бар. Тағы бірнеше үй салынып жатыр. Үй иесі Маринаға міндетін түсіндіреді. Сауна бөлмелерін, бассейнді күнде жуып-шайып, ауланы сыпырып, тазалауы керек. Жалақысын ай сайын төлеуге келіседі. Марина бірден жұмысқа кірісті. Үй қожайыны: «Тіркеуге қоямын» деп, Маринадан баласы екеуінің құжаттарын алады. Тіркеуге қоймағаны өз алдына, құжаттарды қайтармайды да. Бірнеше ай өтті. Марина барлық жұмысты істейді, бірақ уәде етілген жалақы берілмейді.
«Ауладағы уақытша үй-жайдың бір бөлмесінде тұрдық. Таң қылаң бере оянып, жұмысқа кірісемін. Күні бойы жұмыс істеп, келушілер қайтқан соң бассейнді ертеңге тазалап дайындаймын. Түнгі сағат 2-3 болады. Уақытылы тамақ ішпейміз, жуына да алмаймыз. Бір кісі үнемі жанымда тұрып, қалай жұмыс істегенімді қадағалап, қабылдап алады. Ұлым үй иесінің немерелеріне қарайды. Қолы босай қалса, оған да жұмыс істеткізеді. Ыстық тамақ жоқ. Құрылысшыларға қалдырған азық-түліктен уақыт болғанда жеңіл-желпі тамақ пісіремін. Айлығымды бермейді. Айына 5 мың теңге ғана ұстатады»
Жүктелуде...