Букингем сарайы Патшайым Елизавета ІІ жолдасы ханзада Филипп көз жұмғанын растады. Ханзада Филипптің жасы 99-да болатын. Эдинбург герцогінің 100 жасқа толуына екі ай қалған еді.
"Мәртебелі патшайым өзінің сүйікті күйеуі, Корольдік мәртебелі, ханзада Филипп, Эдинбург герцогінің қайтыс болғанын өкінішпен жариялады", - делінген хабарламада.