Аю Егер сіз аю бейнесін таңдаған болсаңыз, демек сабырлы жансыз. Сіздің ішкі жан әлеміңіз өте бай әрі барлық жандарды сабырға шақыра алатын қасиетіңізде бар. Ортада өзіңіздің мықтылығыңызбен көзге түсесіз. Егер сіз ана болсаңыз немесе дайындалып жүрсеңіз, онда сіздің бұл таңдауыңыз өзіңіздің керемет ана екенінізді көрсетіп тұр. Аюлардың әркез анасымен бірге жүретіні анық. Тек өзінің мейірімін ғана көрсетіп қоймай, сонымен бірге балаларының дамуына да көмектесіп жүреді. Көбелек Сіз белсенді, көңілді әрі адамдарға күннің сәулесі секілді шуақ шашып жүресіз. Өзгелерге көмектесіп, қиналған жандарға үміт сыйлап, жанынан табылуға тырысасыз. Сонымен қатар, өзгерісті жақсы көресіз. Қажет болса өзіңіз ұнататын ортадан оңай шыға аласыз. Мысық Сіз кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдап, өзіңіздің толыққанды азамат екеніңізді көрсете аласыз. Өзгелердің сіз жайлы ойы маңызды емес. Өзіңіздің қалыптасқан жеке пікіріңіз бар. Сонымен бірге, ішкі түйсігіңіз мықты. Адамдардың ойың оқуға тырысасыз. Тышқан Парасатты жансыз. Өзгеге қиянат жасау сіздің ең жек көретін қасиетіңіз. Көбіне өзіңізді байсалды ұстайсыз, назарда болғанды ұнатпайсыз. Егер қарсылас пайда болса ғана белсенділік танытасыз. Сонымен қатар, адал жекпе-жек пен әділ жеңесті қалайсыз. Қарға Сіз парасатты жансыз. Өз жүрек қалауыңызды емес, өзгелердің өзіңіз жайлы ойың жиі тыңдайсыз. Шешім қабылдар алдын көп ойланып, жаныныхдағы жандармен ақылдасып тұрасыз. Өзіңіздің эмоцианалды көріністеріңіз өзіңізге жат сияқты болып түйіледі. Жылқы Сіз әрбір ісіңізге тиянақтылықпен қарайтын жауапты жансыз. Өмірлік мақсаттарыңыз анық, сол жолда нақты қадамдар жасап жатсыз. Сонымен бірге, сіз еркіндікті, көрмеген жаңа елдерге саяхаттағанды, әсерлі кинолар мен әндерді тыңдағанды ұнатасыз. Әрі сіздің ішкі түйсігіңіз мықты. Дельфин Егер сіз осы суретті таңдаған болсаңыз, демек шығармашыл жансыз. Ойға алған әрбір ісіңізді соңынан жеткізбейінше тыным таппайсыз. Мақсатыңызға қарай нақты қадамдар жасаумен, жетістікке жетесіз. Айналадағы жандар сізді жақсы көреді әрі сізбен уақыт өткізген қызықты. Өмірге құштар, белсенді жансыз
Жүктелуде...