Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 6060 адам анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Жедел штабқа сілтеме жасап хабарлайды. Ресей Федерациясының 78 өңірінде бір тәулікте 6060 адамның коронавирусты жұқтырғаны анықталды. Вирусты жұқтырғандардың 43 %-ында клиникалық симптомдар байқалмаған. Бұған қоса, тағы 48 адам қайтыс болды. Жақында ауруынан 234 адам айығып шықты.
Жүктелуде...