Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде ең мықты боксшылардың үштігіне кірді

Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде ең мықты боксшылардың үштігіне кірді

ашық дереккөзі

 width= Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтінгіндегі ең мықты боксшылар үштігіне кірді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. "Өте қуанышты жаңалық. Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы рейтингі бойынша бір саты жоғарылады. Қазір QAZAQ STYLE әлем бойынша 3 орында!", - деп жазыпты боксшы Instagram желісіндегі парақшасында. Тізімде бірінші мексикалық Хайме Мунгия, екінші британиялық Лиам Уильямс тұр.

Жүктелуде...