Біздің төл тарих 1465 жылдан бастау алады. Қасымның қасқа жолы, Есімнің ескі жолы, Тәукенің жеті жарғысы ел басқарудың өзіндік ерекшелігін топтастырған толғауы терең тарихи заң еді. Кейін Алашорданың негізін қалаушы Бөкейхановтың тапсырмасымен Барлыбек Сыртанов «Қазақ елінің уставы» еңбегін жарыққа шығарады. Қазақ елі Республикасын құру туралы иірімді идеясын дамытып, көлемді заңнама құрады. 1911 жылы азаттық үшін күрес жолында құрылған заң мен тәуелсіздік тізгінін тірек еткен кездегі құрылған заңның ұқсастықтары мен айырмашылығына мән берейік.
- Президенттің ел басқаруы, өкілеттілігі, вице-министр, мәжіліс депутаттары туралы заң екі жаққа да ортақ, бірдей.
- Адам баласының құқы туралы заң Сыртановтың еңбегінде мұсылмандық құқық нормаларына сәйкес құрылған. Ал Ата заңымыз көпұлтты мемлекетке арнайы бекітілген.
- «Қазақ елінің жері саудаға түспейді». Алашорда кезіндегі түсінік қазір талан таражға түсті. Жеріміз өзге елге сатылуға сәл қалды. Қалың қазақ бірігіп, мараторий жарияланды. Қуанышымызға орай, жер шетелдіктерге сатылмайтын болды.
- Жер салығы бұрыннан бар.
- Сот билігіне қатысты қағидалар да бір-біріне ұқсас. Судьяның ешкімнің үгіт-насихатынсыз, заңға бағынып, әділ шешім шығаруы конституциямызда да көрсетілген.
Інжу ӨМІРЗАҚ