Павлодар облысының тұрғыны мұғалімді зорлағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді өңірлік қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот шығарды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан. сайтына сілтеме жасап. Сот отырысы жабық режимде өтті. Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің жауабымен, сараптама қорытындыларымен дәлелденді, деді үкімді оқыған судья Нұрлан Айтбаев. 30 жастағы ер адам жәбірленушіні өлтіремін деп қорқытып, оны зорлап, денсаулығына ауыр зиян келтірген. Сотта прокурор айыпталушыны он бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ер адам кінәсін толығымен мойындаған жоқ, өз ісіне өкінетінін айтты. Өзі де, адвокаты да соттан жеңіл жаза тағайындауды өтінді. Алайда, сот оны 15 жылға соттады. Енді ол қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде жазасын өтейді. Сонымен қатар, ер адам өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеумен байланысты қызметтерді атқару құқығынан айырылды. Бұдан бөлек, жәбірленушінің пайдасына моральдық залал ретінде 2 миллион теңге, ал материалдық шығын ретінде 70 мың теңгеден астам өтемақы өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жүктелуде...