Шекара академиясының 54 курсанты коронавирус жұқтырған

Шекара академиясының 54 курсанты коронавирус жұқтырған

ашық дереккөзі

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың арасында ҚР ҰҚК шекара қызметі академиясының курсанттары да бар. Бұл ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. "Шекара қызметі академиясы курсанттарынан коронавирус індеті анықталды. Алғашында 14 адамнан шыққан. Қазір 54 курсанттың осы індетті жұқтырғаны белгілі болды. Олардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Бәрінің жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес ем қабылдауда",– деді Тілеухан Әбілдаев.

Жүктелуде...