АҚШ президенті Дональд Трамп пен әйелі Мелания Трамп коронавирус жұқтырды. Бұл жайында Америка президенті Twitter парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
"Бүгін Мелания Трамп екеуміздің коронавирус инфекциясына тапсырған сынақ оң нәтиже көрсетті. Біз карантинге шығып, қалыпқа келе бастаймыз. Біз бұл кезеңнен бірге өтеміз!"- деп жазды Дональд Трамп.Бұған дейін АҚШ президентінің кеңесшісі Хоуп Хикстің коронавирус жұқтырғанын жазды. Кейін жары екеуінің сынақ нәтижесін күтіп отырғанын хабарлады.