Демпартия тағы да бейбіт митингі өткізбек: нәтиже қандай болмақ?

Демпартия тағы да бейбіт митингі өткізбек: нәтиже қандай болмақ?

ашық дереккөзі

 width= Демократиялық партия 13 қыркүйек күні еліміздің барлық қалаларында бейбіт митингі өткізбек. Бұл туралы партия басшысы Жанболат Мамай Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Партия митингіге шығу барысында бірнеше талаптарды көтеріп отыр. Олар: несиелік амнистия, Қытай экспансиясы және жер мәселесі. Жанболат Мамай «бұл жолғы митингіге қатысу парыз» деп есептейді. «Біз бірнеше айдан бері халыққа несиелік амнистия жариялану керек, халықтың әлеуметтік-экономикалық мәселесі шешілу керек деген проблеманы көтеріп келе жатырмыз. Енді соған нақты нүкте қоятын уақыт жетті. Билікке талапты орындататын кез келді. Сондықтан 13 қыркүйек күні сағат 11-де Алматыдағы Шохан Уалиханов алаңында, Астанадағы «Столичный» циркінің алдында, біз бейбіт түрде митингіге шығатынымызды жариялаймыз. Біз өзіміздің талабымызды орындатуымыз керек. Егер бірнеше мың адам ресми түрде бейбіт митингіге шығатын болсақ, сол күні несиелік амнистияның жарияланатыны сөзсіз. Сол күні жердің мәселесінің шешілетіні сөзсіз. Сол күні Қытайдың елшісіне қатысты СІМ-нен жауап келетіні сөзсіз. Сондықтан күш халықта. Біз өзіміздің талабымызды орындатайық. Бір адам шеше алмайды, бұл мәселені бүкіл халық болып шешейік», - дейді ол. Партия басшысының айтуынша, Қазақстанның билігі екі-ақ нәрседен қорқады. Олар - шетелдің қысымы мен еліміздің ішіндегі наразылықтар. Тіпті, митингіге шығушылардың ұрандары да бар.

«Несиелік амнистия үшін! Қытай экспансиясына қарсы! Жер шетелдіктерге жалға берілмесін!» - дейді олар.
Айта кететін жайт, демократиялық партия билікке амнистия жариялауға 4 қыркүйекке дейін тура 1 ай уақыт берген екен.

Жүктелуде...