Коронавирус пандемиясының екінші толқыны оңтүстік жарты шардан әлем бойынша тарап жатыр. Бұл туралы Euronews хабарлайды. Басылымның мәліметінше, Австралияда соңғы аптада 150 науқас тіркелді.
АҚШ-та инфекционистер де қазіргі уақытта елде жұқтырғандар санының күрт өсіп жатқанын айтады. Соңғы тәулікте Чилиде коронавирусты жұқтырудың 3649 жағдайы және 226 өлім - жітім тіркеліпті. Мексикада - 6288 жағдай және 793 өлім - жітім, Боливияда - 896 жағдай және 26 өлім-жітім, Гватемалада-771 және 35, Гондураста-587 және 10 жағдай тіркелген. Осыған байланысты сарапшылар Еуропада коронавирус індетінің екінші толқынының жоғары қаупі туралы ескертеді. Германияда жұқтырудың жаңа жағдайларының саны күн сайын өсіп жатыр: соңғы тәулікте ол 587-ге өсті. Еліміздің батысында жергілікті ет комбинатында коронавирустың жаппай өршуінен кейін 360 мың тұрғынға екі ауданда қайта карантин енгізілді. Еуропа еліндегі инфекциядан ең зардап шеккен Италияда жұқтырудың жаңа жағдайларының тәуліктік өсімі 122-ге жеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше. 24 маусымда әлемде коронавирусты жұқтырғандардың саны 9,1 миллионнан асты, 473 мыңнан аса адам қайтыс болды.
Жүктелуде...