Дәлел ретінде ақшасы тәркіленген. 23 маусымда Сырдария облысының Гүлістан қаласында бір айлық нәрестені 18 мың АҚШ долларына сатпақ болған екі әйел ұсталды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Сentralasian.org. ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Сырдария облысы ішкі істер басқармасының ақпараты бойынша, ұсталған екі әйелдің бірі - сәбидің анасы, екіншісі - бала сатуда делдал болып жүрген әйел. Дәлел ретінде ақшасы тәркіленген. Бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. 1 мамырда дәл осы аймақта Сардоба су қоймасы жарылып, елді-мекенді су басқан. 70 мың адам көшірілген. Апаттан 4,5 мың отбасы баспанасыз қалды.
Жүктелуде...