Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жаңа оқу маусымы қашықтан оқытылып басталуы мүмкін

Жаңа оқу маусымы қашықтан оқытылып басталуы мүмкін

Жаңа оқу маусымы қашықтан оқытылып басталуы мүмкін
ашық дереккөзі
Жаңа оқу маусымы қашықтан оқытумен басталуы мүмкін. Білім және ғылым министрі мұны жоққа шығармай отыр.  Ал биылғы түлектерге 53 мың грант беріледі. Өткенге қарағанда өскен. Мұғалімдердің жалақысы да рет-ретімен көтеріліп, күніне тек екі ғана қағаз толтыратын болады. Бұл бүгін  еліміздің бас мұғалімінің халық алдында онлайн есеп беруінде айтылған шаруалардың бір парасы ғана. Асхат Аймағамбетов тағы не айтты? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.  width= «Жаман айтпай жақсы жоқ». Асхат Аймағамбетов қыркүйекте жоспар бойынша оқу маусымы мектеп қабырғасында басталады дейді. Алайда вирустың  екінші толқыны үдесе, иә болмаса басқа да факторлар сеп болса, білім саласы қайта қашықтықтан оқуға кетуі мүмкін». АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ «Негізінен қашықтықтан оқыту тіптен басқаша болуы керек екенін түсінеміз. Сондықтан, осыған дейін болған проблемалардың алдын алуға барымызды саламыз. Онлайн оқыту зумды қосып қарап отыру емес. Біз бұл бастамаға көзқарасты өзгертеміз. Келер маусымды мектеп қабырғасында бастағамыз келеді. Бірақ, біз әртүрлі жағдайға дайын болуымыз қажет. Осыған орай жаз мезгілінде министрлік дайындық жұмыстарын бастайды». Онлайн есепте үш ауысымды оқыту мен апатты мектептердің мәселесі де көтерілді. Бұл проблемаларды шешу үшін елімізге әлі 800 мектеп қажет екен. Бұл мәселе шұғыл шешілмесе алдағы алты жылда мектепке бала сыймай, орын тапшылығы тіпті ушығуы мүмкін. АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ «Елімізде 54 апатты мектеп, үш ауысымда жұмыс істеп тұрған 183 мектеп және 168 мың орын тапшылығы бар. Егер демографиялық және көші-қон процестерін ескерсек, қалалардағы мектеп тапшылығына қатысты статистика нашар болуы мүмкін. Болжамды есепке сүйенсек, 2025 жылға қарай мектептерде 500 орын тапшы болуы мүмкін». Асхат Аймағамбетов педагогтарды артық шаруадан босату жұмыстары туралы да айтып берді. Педагог тікелей өз функцияларымен ғана айналысуы керек екен. Сондықтан барлық деңгейдегі мұғалімдер тек екі ғана құжат толтыратын деңгейге жетеді екенбіз. Ал егер артық жүктеме артылса, үндемей қалмай, тиісті орындарға шағым айтуға шақырды. АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ «Мұғалімдер алдыңғы қатарда. Көздері ашық. Білімді, білікті болғаннан кейін өздерінің құқықтарын да білуі керек. Егер ол бұзылып жатса бізде тиісті нормалар бар. Заңнамада шештік. Тиісті органдар бар.  Сондықтан оған жүгіну керек». «Еліміздің бас мұғалімі тағы не дейді? Осы мұғалімдердің үстінне қарайтын директорлардың да жұмысының тиімділігі бағаланбақ. Тепстен өте алмағандары жылы орындарын босатады. Талапқа сай келгендерінің айлығы жоғарылайды. Ал, биылғы  түлектерге 53 мың грант беріледі. Бұл едәуір өсім. Студент көбейсе оқытушылардың да жалақысы көтерілуі тиіс. Кей оқытушылар 70-80 мың теңге  жалақы алады екен. Еңбекақыны көтеруді мемлекеттік жоғары оқу орындарына жүктелмек". https://www.youtube.com/watch?v=MueQbzM7Ay8