Марқұмның туыстарының айтуынша, ер адамды көршісі бірнеше рет ұрып, салдарынан ол арыққа құлаған. Ауыр жарақат алған қария қайтыс болған. Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Қаралы отбасы күдіктінің ата-анасы жанжал кезінде болғанын және оқиғадан кейін жедел жәрдем шақырмағанын айтып отыр. Туыстары кінәлілердің заң алдында жауап беруін талап етуде.
Полиция күдіктіні көрші үйдің шатырынан ұстаған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.
Тергеу барысы полицияның бақылауында.