weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Кофе ме, Нутелла ма?» Алматыда тұрғындар қоңыр суға шағымданды

Алматыдағы «Өркендеу» тұрғын үй кешенінің тұрғындары краннан қоңыр түсті су ағып жатқанына шағымданды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

«Кофе ме, Нутелла ма?» Алматыда тұрғындар қоңыр суға шағымданды
Фото: Видео үзіндіден

Тұрғындар таратқан видеодан краннан мөлдір судың орнына қою қоңыр түсті су ағып жатқанын көруге болады. Кейбіреулер оның түсін ыстық шоколадқа, кофеге немесе тіпті Нутеллаға ұқсатқан.

ЖК тұрғындарының айтуынша, мұндай суды тұрмыстық қажеттілікке пайдалану қиын. Олардың сөзінше, суды қолданғаннан кейін шашы мен терісі құрғап, қатайып кеткен.

«Мұндай сумен жуынудың өзі қиын» деген тұрғындар ауызсудың сапасына алаңдап отыр. Олардың айтуынша, коммуналдық қызметке ай сайын шамамен 50 мың теңге төлейді.

Қазір тұрғындар «Алматы Су» өкілдеріне судың нақты құрамын және оның не себепті қоңыр түске боялғанын анықтауды талап етіп отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→