weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

АҚШ-Иран қақтығысы қайта өршіді: не белгілі?

АҚШ пен Иран арасындағы әскери қақтығыс қайта күшейді. АҚШ әскері Ирандағы Ислам революциясы сақшылары корпусының нысандарына соққы берді. Бұған жауап ретінде Иран Таяу Шығыстағы америкалық әскери нысандарға шабуыл жасады. Бұл туралы Newsroom.kz  Reuters қа сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-Иран қақтығысы қайта өршіді: не белгілі?
Фото: Газета ру

АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметінше, операция барысында Иранның әуе қорғаныс жүйелері, радарлары, теңіз инфрақұрылымы, мина қою құралдары мен байланыс нысандары нысанаға алынған. АҚШ күштері Иранның екі мемлекеттік танкеріне де соққы бергені хабарланды. 

Иран тарапы жауап ретінде Иордания, Бахрейн, Ирак және Кувейттегі америкалық нысандарға зымырандар мен дрондар ұшырғанын мәлімдеді. Иордания мен Бахрейн әуе шабуылдарының бір бөлігін ұстап қалған. АҚШ әскери нысандарында адам шығыны болғаны туралы ақпарат жоқ.

Қақтығыс Ормуз бұғазындағы жағдайға да әсер етті. Бұл бағыт арқылы әлемдік мұнай тасымалының шамамен бестен бірі өтеді. Жаңа шабуылдардан кейін мұнай бағасы көтерілді: Brent бағасы барреліне 95 доллардан асты.

Осылайша, бірнеше күндік салыстырмалы тыныштықтан кейін АҚШ пен Иран арасындағы әскери текетірес қайта өршіді. Тараптардың жаңа шабуылдары аймақтағы жағдайдың одан әрі ушығу қаупін күшейтіп отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→