weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

23 мың жас әскерге аттанады: биылғы шақыру науқаны қалай өтеді?

Қазақстанда күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды. 2026 жылдың соңына дейін 18 бен 27 жас аралығындағы, әскерден кейінге қалдыруға немесе босатылуға негізі жоқ 23 мыңға жуық ер азамат әскери қызметке шақырылады. Бұл туралы Newsroom.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 
 

23 мың жас әскерге аттанады: биылғы шақыру науқаны қалай өтеді?
Фото: Abai kz

Олардың ішінде:

•⁠  ⁠12 мыңнан астамы – Қарулы күштерге;
•⁠  ⁠7 мыңы – Ұлттық ұланға;
•⁠  ⁠3 мыңы – ҰҚК Шекара қызметіне;
•⁠  ⁠400-ден астамы – Төтенше жағдайлар министрлігіне;
•⁠  ⁠300-ге жуығы – Мемлекеттік күзет қызметіне жіберіледі. 

Әскерге шақыру процесінде цифрлық технологиялар да кеңінен қолданылуда. «Цифрлық шақыру» жүйесі мен «Smart военкомат» жобасы арқылы әскери есепке қою, 17 жастағы азаматтарды тіркеу, сондай-ақ кейінге қалдыру немесе әскери қызметтен босату қызметтерінің бір бөлігі автоматтандырылған. Азаматтар әскери есепке қатысты ақпаратты eGov порталындағы жеке кабинетінен көре алады. 

Қорғаныс министрлігі әскери қызмет кезінде сарбаздарға еңбек нарығында сұранысқа ие 20-ға жуық жұмысшы мамандығын тегін меңгеруге мүмкіндік берілетінін хабарлады. Олардың қатарында жүргізуші, байланыс маманы, парамедик және экскаваторшы сияқты кәсіптер бар. 

Сонымен қатар әскери қызмет өткеру кезінде сарбаздардың несие төлемдерін кейінге қалдыруға, сондай-ақ ҰБТ тапсырмай мемлекеттік білім грантымен жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндігі бар. 
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→