Оқиға 30 тамыз күні кешке Ақтаудың 5А шағынауданы маңында болған. Төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама сағат 22:56-да түскен.
Катер бортында жеті адам болған. Құтқарушылар бес адамды жағаға шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Ал қалған екі адамның денесі жағадан шамамен 500 метр қашықтықтан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандардың құтқару кеудешесі болмаған.
Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.