weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қызылорда білім саласында үздіктер қатарында: жаңа оқу жылына қандай міндет қойылды?

Қызылордада жаңа оқу жылы қарсаңында облыстық педагогикалық тамыз конференциясы өтті. Жиында өңірдегі білім беру саласының жетістіктері мен алдағы оқу жылына арналған негізгі міндеттер талқыланды, деп хабарлайды Newsroom.kz.

Қызылорда білім саласында үздіктер қатарында: жаңа оқу жылына қандай міндет қойылды?

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтің айтуынша, Қызылорда мектеп бітірушілері ҰБТ қорытындысы бойынша үшінші жыл қатарынан республикада бірінші орынға ие болды. Биыл өңірдің 967 түлегі «Алтын белгі», 1124 түлегі «Үздік аттестат» иегері атанған.

Сонымен қатар білім алушылардың жетістіктерін мониторингтеу нәтижесінде Қызылорда оқушылары 4-сыныптар арасында республикада үшінші, 9-сыныптар арасында екінші орын алған.

Конференцияда білім сапасындағы қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту, педагогтердің біліктілігін арттыру және жас мұғалімдерді қолдау мәселелеріне ерекше мән берілді.

Сондай-ақ білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу негізгі бағыттардың бірі ретінде аталды. Облыс әкімі педагогтердің цифрлық құзыретін арттырып, ЖИ құралдарын оқу процесінде тиімді әрі қауіпсіз пайдаланудың озық тәжірибелерін енгізуді тапсырды.

Бұдан бөлек, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік осал топтағы оқушыларды қолдау, қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша міндеттер белгіленді.

Жиын барысында білім саласында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздар мен ұйымдар марапатталды. «Орта білім беретін үздік ұйым» аталымы бойынша Жаңақорған ауданындағы №286 мектеп-лицейі жеңімпаз атанып, 34 млн теңге грантқа ие болды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→