Мемлекет басшысы Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай төрағасының кандидатурасын Президент ұсынатынын атап өтті.
Тоқаев Айбек Дәдебайдың мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл еңбек еткенін және мол тәжірибесі бар екенін айтты.
«Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын», – деді Президент.
Енді Айбек Дәдебайдың кандидатурасын Құрылтай депутаттары қолдауы қажет.