weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Президент Құрылтайдың негізгі міндеттерін атады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясында жаңа органның негізгі міндеттерін атады, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

Президент Құрылтайдың негізгі міндеттерін атады
Фото: Aqorda

Мемлекет басшысы Құрылтай алдында бірқатар маңызды заңнамалық жұмыс тұрғанын атап өтті. Олардың қатарында:

•⁠  ⁠жаңа Конституцияға сәйкес заңнаманы қайта қарау;
•⁠  ⁠заң шығару сапасын арттыруда жасанды интеллектіні қолдану;
•⁠  ⁠«E-Parliament» жүйесін Құрылтай жұмысына бейімдеу;
•⁠  ⁠цифрлық активтер мен жасанды интеллектіні дамытуға қатысты заңдар қабылдау;
•⁠  ⁠«Алтын виза» тетігін енгізу және көші-қон саясатын жетілдіру;
•⁠  ⁠ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау жүйесін күшейту;
•⁠  ⁠16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне тыйым салу мәселесін қарау;
•⁠  ⁠баламалы энергетиканы дамыту;
•⁠  ⁠онлайн-платформалар мен масс-медиа саласында азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту.

Сонымен қатар Президент Құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерге дер кезінде жауап беретін жалпыұлттық диалог алаңына айналуы қажет екенін айтты.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→