weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Meta жасөспірімдердің Instagram мен Facebook қолдануына шектеу енгізеді

Meta компаниясы АҚШ-тың көптеген штаттарымен келісімге келіп, жасөспірімдердің Facebook пен Instagram қолдануына қатысты жаңа шектеулер енгізбек. Келісім аясында компания алдағы он жылда 18 млрд долларға дейін төлем жасауы мүмкін, деп хабарлайды Newsroom.kz.

Meta жасөспірімдердің Instagram мен Facebook қолдануына шектеу енгізеді
Фото: Ашық деректер көзі

Жаңа талаптарға сәйкес, 18 жасқа толмаған пайдаланушылардың Instagram және Facebook желілерін пайдалану уақыты тәулігіне екі сағатпен шектелмек. Сондай-ақ түнгі уақытта әлеуметтік желілерге кіруге қосымша шектеулер қойылады.

Meta жасөспірімдерге арналған ата-ана бақылауын күшейтіп, аккаунт баптауларын өзгертуді және пайдаланушының жасын тексерудің қосымша тетіктерін енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл шаралар Meta компаниясына қатысты сот ісі аясында қабылданды. Компания Facebook пен Instagram-дағы кейбір функциялар балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге тәуелділігін күшейтеді деген айыптауларға тап болған. Алайда Meta өз кінәсін мойындаған жоқ.

Жаңа ережелер әзірге АҚШ-тағы пайдаланушыларға қатысты және соттың мақұлдауынан кейін күшіне енеді.

Оңтүстік Кореяның тиісті реттеушісі Meta енгізгелі отырған жасөспірімдерді қорғау шаралары тек АҚШ-пен шектелмей, бүкіл әлемдегі пайдаланушыларға қолданылуы керек деген пікір білдірді.

Сарапшылар бұл шешім TikTok пен Snapchat секілді басқа да әлеуметтік желілерге жасөспірімдердің қауіпсіздігіне қатысты талаптарды күшейтуге ықпал етуі мүмкін деп санайды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→