Британдық БАҚ мәліметінше, Гарри мен Меган Калифорниядан тамыз айының соңында кетуді жоспарлап отыр. Ерлі-зайыптылар Лондоннан тыс жерде орналасқан жеке резиденцияға қоныстанбақ. Көшуге себептердің бірі — балаларының оқу мәселесі. Жеті жастағы ханзада Арчи мен бес жастағы ханшайым Лилибет қыркүйек айында жергілікті мектепке баруы тиіс.
Ерлі-зайыптылар мен Виндзор әулетінің қарым-қатынасы 2020 жылдың көктемінен бері шиеленісті болып келді. Жағдайдың өзгеруіне шілде айында ерлі-зайыптылардың балаларымен бірге Глостерширде III Карлмен кездесуі ықпал етті. Бұл олардың соңғы төрт жылдағы алғашқы кездесуі болды.
Сонымен қатар, Ұлыбританияда ерлі-зайыптылардың қауіпсіздігі мәселесі әлі де ашық күйінде қалып отыр. Бұған дейін ханзада Гарри Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігіне қарсы сот процесінде жеңіліп, АҚШ-қа кеткеннен кейін өзіне берілген мемлекеттік полиция күзетін қайтаруға тырысқан еді.